Сүйіндік жалпы орта мектебінің тарихы

 

Мектеп 1922 жылы ашылды. 1920-1930 жылдары Азғыр өңірінде сауаттану ісі жүргізілді. Мектеп 1934-1935 ж оқу жылында 7 жылдық, 1960-1961 ж оқу жыылында орта мектепке айналды. 1940-1950 жылдары мектепке майдангер оқытушылар Ө.Орынғалиев, З.Сәдіров, Ғ.Елемесов,У.Иманқұлов және басқалары сабақ берді. 1960 жылы мектептің жаңа оқу корпусы пайдалануға берілді.

Қазіргі мектеп ғимараты 1982 жылы салынып,1985 жылы ашылды. Соңғы 20-30 жылда мектепте З.Сәдіров,Н.Айтжанов,С.Текеев,Т.Оразов,Ә.Абсатыров,И.Валиев,М.Кереева, М.Сейтқалиева, М.Ахметова,Р.Күнтуаров,Б.Әділғалиева, С.Дауғалиев, Ғ.Жақиен,Қ.Тажғарин,Д.Апуова, С.САбырова, Д.Габидулллина,Ұ.Саргойшина,Қ.Амиров, М.Хасантаев,М.Құлбаев т.б оқытушылар жастарға сапалы білім,саналы тәррбие беруде,игі нәтижелермен көзге түсті.

Мектепте ұзақ жылдар ҚССР-на еңбек сіңірген мұғалім,Бүкілодақтық мұғалімдердің ІІІ съезіне делегат болған ауданның Құрметті азаматы С.Айтмағанбетова сабақ берді. Мектепте әр жылдары Ғ.Сабырғалиев,Е.Сейілханов, Ж.Сисенғалиев, С.Бейсенғалиев, Х.Жолжанов,Т.Оразов,Т.Оспанов,Ә.Сәбитов,Қ.Тұманов,Ө.Орынғалиев,Е.Евниенов,

М.Бисенғалиев,Ғ.Керешев,С.Сисатов, Қ.Амиров, Ж.Темеев басшылық жасады.

 

Қазіргі Сүйіндік жалпы орта мектебінің директоры Маштаева Меңсұлу Темірханқызы.

Мектепте 23 сынып,2-мектеп алды дайындық тобы бар.Мектепте 418 бала білім алады.Мектептің білім сапасы 56,2%

Әр оқу жылында мектеп оқушыларға сапалы біліммен,саналы тәрбие беруде игі жетістіктерге жетуде.Бұданда зор жетістіктерге жету біздің басты мақсатымыз.