1-сыныпқа қабылдау туралы өтініш беру
Мемлекеттік және жекеше білім беру ұйымдарына 1-сыныпқа қабылдау туралы электрондық өтінішті беру
1-сыныпқа құжаттарды және оқуға қабылдау қай кезде жүзеге асырылады?
Құжаттарды қабылдау және 1-сыныпқа оқуға қабылдау 01.04.2022 – 01.08.2022 аралығында жүзеге асырылады
Осы интернет-портал арқылы электрондық өтініш беру үшін:
- 1баланың туу туралы куәлігінің скан-көшірмесі (егер ол Қазақстан Республикасынан тыс жерде туған болса);
- 2баланың денсаулық жағдайы туралы анықтаманың скан-көшірмесі (№ 065/у нысаны);
- 3баланың денсаулық паспортының скан-көшірмелері (026/у-3 нысаны);
- 4баланың 3х4 см мөлшердегі цифрлық фотосуреті;
- 5педагогикалық-медициналық-психологиялық комиссияның қорытындысы (болған жағдайда)
Өтініш беру үшін заңды өкіл бірнеше қадамнан өтуге және мынадай ақпаратты ұсынуға тиіс:
Қадам 1
жарамды ұялы телефон нөмірін көрсетіңіз;
Қадам 2
бала және оның заңды өкілі туралы мәліметтерді көрсету;
Қадам 3
хабарлау;
Қадам 4
мектеп таңдау;
Қадам 5
электрондық хабарламалардың өлшем шарттарын ретке келтіру;
Қадам 6
жасалған өтінішті тексеру және оны тіркеуге жіберу.
https://syindik.kurmangazy-bb.kz/kz/memlekettik-k-rsetiletin-yzmetter/198-1-synyp-a-abyldau-turaly-tinish-beru.html#sigFreeIda16a3eaed1